Қырғызстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасағандарға берілетін жазаны қатаңдату туралы заң қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Құжат балаларды қорғау саласындағы реформаны іске асыру шеңберінде жыныстық тиіспеушілік құқығы, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаумен қамтамасыз етуге бағытталған. Балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығына, өміріне және рухани-адамгершілік денсаулығына қарсы іс-әрекеттері үшін бас бостандығынан айыру мерзімі мен айыппұл мөлшері ұлғайтылады.
Мұндай қылмысқа барғандар қылмыстық қудалау мерзімінің өтуіне, жан ауруына, психикасының уақытша бұзылуына байланысты, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды және рақымшылық жасауды қолдану арқылы жауаптан босатылмайды.
Табиғат Нұрболат