Қырғызстанда басқа дінге өткен марқұм әйелді қайта жерледі

1304

Қырғызстанда басқа дінге өткен марқұм әйелді қайта жерледі

Қырғызстанның Жалал-Абад облысының тұрғындары мен жергілікті имамдар Қаныгүл Сатыбалдиеваны жергілікті зиратқа жерлеуге рұқсат етпеді. Себебі марқұм христиан-баптист дінін ұстанған.

76 жастағы Қаныгүл Сатыбалдиева 13 қазанда қайтыс болған. Тұрғындар оны жергілікті зиратқа жерлеуге рұқсат етпегендіктен, қызы әкімдік пен жергілікті мәслихат депутаттарынан көмек сұрапты. Марқұм әйелді мұсылман қабіріне жерлеуге алдымен аудандық имам қарсы шыққан. Ол халықты жинап, Жұлдыз Азаевадан мұсылмандыққа бет бұруды талап еткен.

"Олар менің христиан дінінен бас тартып, исламды қабылдауымды талап етті. Маған анам үшін келісуге тура келді. Мен исламды қабылдап тұрып, анамды жерлеуге рұқсат бересіңдер ме деп сұрадым. Мәйіт екі күн бойы жатып, иістене бастады", - дейді Жұлдыз.

Аудан әкімі Шумкар қажы Чыналиев Жұлдыз Азаеваны келемеждегенін жоққы шығарып, бұл тек түсіндіру жұмысы болды дейді.

Қаныгүл Сатыбалдиеваның денесін көрші ауылдағы басқа зиратқа жерлеген. Бірақ Орықты ауылының тұрғындары да шу көтерген. Соңында мәйітті қайта қазып алып, христиандардың зиратына жерлеуге тура келген.

Baq.kz

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу