Қырғызстандықтар жанармай бағасының өскенін айтып, шағымдануда, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, 92-ші бензин бірден 1,5 сомға қымбаттаған. Қазір 60,5-61,5 сом тұрады. АИ-95 бағасы 5 сомға – 65-тен 70,5 сомға өсті.
Бұған дейін ресейлік БАҚ Ресей Федерациясының аймақтарында жанармай тапшылығы туралы хабарлаған болатын. Бензин мен дизельдің кейбір түрлері бірқатар жанар-жағармай құю бекеттерінде тапшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу