Қырғызстан билігі Tiktok-ты бұғаттау туралы шешім қабылдады

725

Ел билігі TikTok әлеуметтік желісінің балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін зиянды әсеріне алаңдаулы.

Қырғызстан билігі Tiktok-ты бұғаттау туралы шешім қабылдады Фото: Gwara media

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі елде TikTok-ты бұғаттауды ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg порталына сілтеме жасап.

Шешім одан әрі жүзеге асыру үшін Цифрлық даму министрлігіне жіберілді.

Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, кейбір үкіметтік емес ұйымдар TikTok әлеуметтік желісінің балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін зиянды әсеріне алаңдаулы.

Ведомство мәліметінше, аталған әлеуметтік желі қолданушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне батыратыны, оларды көрген жасөспірімдер өміріне қауіп төндіретін кейбір бейнероликтерді қайталауға тырысатыны атап өтілген. 

Мәдениет министрлігі контентке мониторинг жүргізіп, платформаның өзі балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуді шектемейтінін анықтады.

"Көптеген өтініштерді ескере отырып және жүргізілген мониторинг негізінде Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Қырғыз Республикасының аумағында TikTok қызметін тарату қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу