Қырғызстанда Білім және ғылым министрі парамен ұсталды

968

Аса ірі мөлшерде ($110 мың) пара алу фактісі тергелуде.

Қырғызстанда Білім және ғылым министрі парамен ұсталды

Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде  пара алған кезде ұсталды, деп хабарлады бейсенбіде қырғыз ІІМ баспасөз қызметі.

"Аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Байшеналиев пара алу үстінде ұсталды", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазір шетелдік студенттерді республиканың жоғары оқу орындарына қабылдау барысында аса ірі мөлшерде ($110 мың) пара алу фактісі тергелуде.

Қылмыстық істі тергеу қорытындысы бойынша барлық толық ақпарат беріледі, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Алмазбек Бейшеналиев 2020-2021 жылдары Білім және ғылым министрі қызметін атқарған. 2022 жылдың ақпан айынан бастап осы қызметке қайта тағайындалды.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу