Қырғызстанда бір жынысты некеге тыйым салынуы мүмкін

369

Заңнамалық түзетулер бір биологиялық жыныстағы адамдардың некеге тұруына тыйым салуды қарастырады.

Қырғызстанда бір жынысты некеге тыйым салынуы мүмкін Фото: Pinterest.com

Қырғызстанда бір жынысты некеге тұруға және азаматтардың ресми құжаттардағы жынысы туралы мәліметті өзгертуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісіне сілтеме жасап.

Тиісті заң жобасын Қырғызстан парламенті – Жогорку Кенеш бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасына сәйкес, туу туралы куәлікте, төлқұжатта және азаматтық хал актілерін тіркеу органдары (АХАТ) беретін өзге де ресми құжаттарда көрсетілген "жыныс" дерегін өзгертуге толық тыйым салынады.

Құжатта адамның жынысы заң жүзінде тек туған кезде анықталған биологиялық жыныс ретінде танылады. Сондай-ақ жынысты өзгертуге бағытталған хирургиялық операциялар, гормондық терапия және басқа да медициналық араласуларға тыйым салу ұсынылып отыр.

Заң жобасы бойынша туу кезінде мемлекеттік тіркеу барысында енгізілген жыныс туралы жазба түпкілікті болып есептеледі және оны азамат кәмелет жасына толғаннан кейін де, өзінің өтінішімен де, сот шешімімен де, медициналық немесе өзге қорытындылар негізінде де өзгерте алмайды.

Тек АХАТ қызметкері жіберген техникалық қателерді (қате жазу немесе баспа қатесі) түзетуге ғана рұқсат беріледі.

Сонымен қатар заңнамалық түзетулер бір биологиялық жыныстағы адамдардың некеге тұруына тыйым салуды қарастырады. Балаға ана ретінде тек әйел жынысты тұлға, ал әке ретінде ер жынысты тұлға ғана танылмақ.

Сондай-ақ ата-аналар баланы оның биологиялық жынысына сәйкес тәрбиелеуге және оның физикалық әрі психикалық денсаулығын қорғауға, соның ішінде жынысты өзгертуге бағытталған ықтимал араласулардан сақтауға міндетті болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу