Қырғызстанда бірден бірнеше елді мекендерде ТЖ режимі жарияланды

407

Оған сел себеп болған. 

Қырғызстанда бірден бірнеше елді мекендерде ТЖ режимі жарияланды Фото: google

"Баткен ауданының әкімі Баткен ауданының Суу-Башы мен Қыштұт ауылдық басқармаларының аумағында ТЖ режимін жариялау туралы бұйрық шығарды. Осы бұйрықпен ол халық арасында құрбандар болмауы үшін азаматтық қорғаныс бойынша шұғыл шаралар қабылдауды, сондай-ақ апат салдарын жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды", - делінген республиканың Баткен облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сел салдарынан тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарын су басқан, сел ағындары автожолдарды, ауыл шаруашылығы жерлерін, ирригациялық каналдар мен көпірлерді шайып кеткен. Баткен облысындағы бірқатар елді мекендер жарықсыз, ауыз сусыз қалды, республикалық әрі халықаралық маңызы бар автожолдар қирады. Табиғи апаттың салдарын жою үшін ТЖМ сарбаздары мен құтқарушылары тартылып, арнайы техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Қырғызстанның Баткен облысының Қадамжай ауданындағы нөсер жаңбырдан кейін Орозбеков, Масалиев, Кттормская мен Чаувай ауылдық кеңестері мен Қадамжай қалаларын тасқын су басып қалды. Киров кентінде өзен арнасынан шығып алты шаруашылық көпірді шайып кетті, Баткен ауданындағы Суу-Башы, Боз-Адыр, Қыштұт және Қара-Тоқой ауылдық округтері де қатты зардап шекті.

"Апаттан келтірілген залал әлі есептеледі, санитарлық және ветеринарлық қызметтер аурудың өршуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жергілікті жерлерде апат салдарын күресу және қираған коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу