Қырғызстанда бірнеше гидроэлектростанция салынады

395

Аталмыш жобаларды Қырғызстан Ресеймен бірлесе отырып, іске асырмақ.   

Қырғызстанда бірнеше гидроэлектростанция салынады Фото: Азаттық

Жалал-Абадта өткен X Қырғыз-Ресей өңіраралық конференциясының қорытындысы бойынша рекордтық $3,5 млрд-қа 20-дан астам келісімге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ресей-Қырғыз Даму Қорына сілтеме жасап.

Келісімшарттардың жалпы құны $1,2 млрд-тан асады. Қол жеткізілген уағдаластықтар арасында қуаты $40 млн-нан асатын 29 мегаваттқа дейінгі шағын гидроэлектростанция жобасы, шамамен $9 млн құрайтын Майлы-Суда шағын гидроэлектростанция құрылысын қаржыландыру, сондай-ақ $300 млн-ға күн және жел генерациясы саласындағы жобалар іске асатын болады.

Сондай-ақ, "Қырғызмұнайгаз" мұнай өңдеу зауытын жаңғырту туралы келісімге қол қойылды, оған шамамен $400 млн бөлінеді және Жалал-Абад облысында көмір станциясын салу туралы келісімге қол қойылды, оның құны $2,3 млрд құрайды.

Ресей-Қырғыз Даму қоры жалпы құны 300 миллион доллардан асатын қол қойылған келісімдердің жартысымен серіктес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу