Қырғызстанда Boeing ұшағы құлаған жерге барып ойнаған 5 бала ауруханаға түсті

980

Қырғызстанда Boeing ұшағы құлаған жерге барып ойнаған 5 бала ауруханаға түсті

16 қаңтарда құлаған Boeing747 апатының орнына барып ойнаған 5 балаға керосиннің иісі тиіп қалып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті балалар қорына сілтеме берген kloop.kg сайты жариялаған.

Дәрігерлердің айтуынша, балалар басы ауырып, жүрегінің айнығандарына шағымданған. Бастапқыда оларды алып кеткен жедел жәрдем ешбір көмек көрсетпей, үйлеріне қайта әкеліп тастаған. Бірақ, балалардың жағдайы одан әрі нашарлап, ақыры ауруханаға жеткізілді.  Балалар апат кезінде төбеден төмен керосин төгіліп, иіс сіңіп қалған үйлерді төңіректеп жүріп ұшынып қалған.

Қазір балалардың жағдайы бірқалыпты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу