Қырғызстанда болған жер сілкінісі Алматыға дейін жетті

201

Бүгін таңда Қырғызстан аумағында жер сілкініп, қуаты Алматыға дейін сезілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Алматыға дейін жетті Фото: aikyn.kz

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мәліметінше, жер дүмпуі 7 маусым сағат 8:33-те тіркелген.

"Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісі 2025 жылы 7 маусымда Астана уақытымен сағат 8:33-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координатасы: 41.008 N 75.278 E", – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.

Дүмпудің қуаты Алматыда екі балл болған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу