Қырғызстанда дауыстың 98%-ы саналды

830

Садыр Жапаров саяси тартыста қарсыластарынан басым түсті.  

Қырғызстанда дауыстың 98%-ы саналды

Қырғызстанда президенттік сайлау бюллетеньдерінің 98%-ы саналды. Оның қорытындысы бойынша, дауыс берушілердің  79%-ы Садыр Жапаровты таңдаған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. 

Жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша 2425 учаскедегі дауыстар есептелген. Бұл учаскелерде Жапаровқа 1,1 млн адам немесе сайлаушылардың 79,2%-ы дауыс берген. 

Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясына заң бұзушылықтар туралы 50 хабарлама келіп түскен. Бұл туралы комиссия мүшесі Тынчтыкбек Шайназаров хабарлады. Оның айтуынша, әр хабарлама бойынша тексеру жұмыстары жүргізілген. 
10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы мен басқару формасын таңдау туралы плебисцит өтті. Саяси додаға17 үміткер қатысты. Бірінші айналымда дауыстардың жартысынан көбін жинаған үміткер жеңіске жетті деп танылады. Президенттік басқару формасын азаматтардың 80%-дан астамы қолдады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу