Қырғызстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салынуы мүмкін

567

Мұндай бастаманы көтерген Жогорку Кенеш депутаты Ұлан Бақасов.  

Қырғызстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салынуы мүмкін Фото: klinika.uz

Қырғызстанда ел азаматтарының денсаулығын сақтау, энергетикалық сусындарды тұтынудың салдарынан туындайтын ауруларды азайту мақсатында депутаттар энергетикалық сусындарды әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елде кәмелетке толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынуда. Сонымен қатар қырғыз елінің парламентшілері ересек тұрғындар арасында энергетикалық сусындарды жиі тұтынатындардың қатары көбейгеніне алаңдайды. Өйткені олар сусынның қандай қауіп төндіретінін толық түсінбейді.

Энергетикалық сусындарда тітіркенуді, алаңдаушылық, ұйқысыздық, жүрек соғуын және басқа да жағымсыз жағдайларды тудыратын стимуляторлардың жеткілікті мөлшері бар. Мұндай сусындарды шамадан тыс тұтыну жүрек-тамыр және жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының ауыр ауруларына әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу