Бастамашылардың айтуынша, бұндағы басты мақсат - қырғыздардың салт-дәстүрі мен мәдени ерекшеліктеріне сай азаматтарға тегін таңдау мүмкіндігін жүзеге асыру, деп жазады inbusiness.kz сайты Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Заңнаманың қолданыстағы редакциясында таңдау нұсқалары шектеулі, сондықтан мәдени дәстүр мен отбасылық ерекшеліктерді сақтағысы келетін азаматтар қиындыққа тап болуы мүмкін.
Заң жобасында бұдан былай тегі мен әкесінің атын жазудың келесі нұсқаларын қосу ұсынылады:
Атасының атымен тегін жазу кезінде баланың әкесінің атына ата-анасының қалауы бойынша ер бала болса "ұлы" сөзі және қыз бала болса "қызы" сөзі қосылады. Атасының атымен тегін жазуда "тегі" сөзі қосылып жазылса, онда бұл жағдайда ер балаларға "дын/тын", "дин/тин", "дүн/түн" жалғаулары жазылады. Ал қыз балаларға "дан /тан”, "ден/тен", "дөн/төн" жалғаулары қосылады.