Қырғызстанда "алтын паспорт" туралы заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg.
Енді инвесторлар жеңілдетілген тәртіп арқылы Қырғызстан азаматтығын ала алады. Заң жобасы қоғамдық талқылауға жіберілді.
"Егер инвестор экономикамызға 300 мың доллар құйса, біз оған Қырғызстан азаматтығын бере аламыз деп ойлаймын. Олар жылжымайтын мүлікті сатып ала алады немесе бизнес бастауына болады. Осындай жағдайда біз инвесторларға жеңілдетілген тәртіппен азаматтық беруіміз керек", – деді Инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттіктің басшысы Равшан Сабиров.
Бұған дейін мұндай паспортты ел экономикасына 500 мың доллардан астам қаражат құйған инвесторларға беру ұсынылған болатын.
Қазақстанда "алтын паспортты" енгізу идеясы еліміздің 2022-2026 жылдар аралығындағы дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму туралы құжатта жазылған болатын.
Табиғат Нұрболат