Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Жырғалаң шатқалында болған қар көшкіні кезінде Чехиядан келген төрт турист қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Қар көшкіні жексенбі, 25 ақпан күні сағат 13.00 шамасында, 23 турист – Чехия мен Словакияның азаматтары – Тұлпар-Таш жайлауында шаңғы теуіп жүрген кезде болған.
Қайтыс болған адамдарды қар көшкінінен туристер өздері шығарып, тасымалдауға көмек сұраған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің алты құтқарушысы жетіп, зардап шеккендерге көмектесіп, қаза болғандардың денесін Ішкі істер министрлігіне тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу