Қырғызстанда қар көшкіні жүріп, екі адам жоғалып кетті

720

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында қар көшкіні болған жерде екі адам іздестіріліп жатыр.

Қырғызстанда қар көшкіні жүріп, екі адам жоғалып кетті Фото: Кабар

Бұл туралы inbusiness.kz. Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір елдің төтенше жағдайлар министрлігі Ала-Бука-Жаны Базар-Кировка тасжолының 80-90 шақырымында қар көшкіні жүріп, аталған аумақта Mercedes-Benz шағын автобусының жүргізушісі мен жолаушысы қалып қойғанын анықтады. 

Қар көшкінінің тағы да жүру қаупі жоғары болғандықтан қазір іздеу жұмыстары кейінге шегерілді. Ал шағын автобус жүргізушісі 16 ақпан күнгі сағат 17:30-дан кейін байланысқа шықғаны белгілі болып отыр. 

"Осыған байланысты 5 құтқарушы оқиға орнына арнайы көлікпен шықты. Алайда жол учаскесіне көлікпен жету қиындық тудыруына байланысты іздеу жұмысын жалғастыру үшін жаяу жүруге тура келді", деп жазды Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу