Ведомствоның баспасөз орталығы хабарлағандай, ұйымдасқан қылмыстық топтың 33 жастағы мүшесі Алматы облысының аумағында жасаған қылмысы үшін іздеуде болған, деп жазады inbusiness.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
2022 жылы қарашада Қазақстандық мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен 1990 жылы туған С.А.А. есімді азамат ырғызстан Әділет министрлігіне қарасты қылмыстық атқару қызметінің №21 мекемесіне қамалды.
"Ұсталған азаматқа Алматы облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеу жариялаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2022 жылдың қараша айында С.А.А. Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды", - делінген хабарламада.