Қырғызстанда Қаражыра көмірімен электр энергиясы өндіріледі

619

Бішкек алдағы қыста электр энергиясы, жылу мен ыстық суды Қазақстанның көмірінен алатын болады.    

Қырғызстанда Қаражыра көмірімен электр энергиясы өндіріледі Фото: kabar.kg

Бішкек қаласының ЖЭО-на Қазақстанның көмір разрезінен тікелей жеткізілген отын түсірілді, деп жазады inbusiness.kz kabar.kg порталына сілтеме жасап.

"Электр станциялары" ААҚ Бас директоры Айбека Айдаралиевтің айтуынша, қазақстандық көмір кесте бойынша 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың мамыр айына дейін жеткізіледі. Қазір "Қаражыра" АҚ кен орнында 65 вагон көмір тиеліп жатыр. Бішкекке 64 вагон түсірілді, тағы 65 вагон көмір жолда.

Оның дерегінше "Электр станциялары" ААҚ "Қаражыра" АҚ кен орнымен Д маркалы, 400 мың тонна көмірді әр тоннасын 53,45 долларға сатып алу туралы келісім жасасқан.

"Бішкек ЖЭО аумағында қазір 172 мың тоннадан аса көмір бар. Орталықтың күндік шығыны тәулігіне 7,2 мың тонна", - дейді Айбек Айдаралиев.

"Электр станциялары" ААҚ Бас директорының айтуынша, Бішкек ЖЭО Қырғызстанның солтүстігіндегі электр энергиясын өндіретін жалғыз станция. Қыс мезгілінде тәулігіне 11 млн кВт/с энергия өндіріледі. Сондай-ақ, орталық Қырғызстан астанасының тұрғындарын жылу, ыстық сумен қамтиды және өндірістік мақсатта бу шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу