Қырғызстанда кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге уақытша тыйым салынды

Аталмыш Жарлыққа ел президенті қол қойды. 

Қырғызстанда кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге уақытша тыйым салынды Фото: inbusiness.kz

Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров "Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге уақытша тыйым салу (мораторий) енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Vesti.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шешім кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызметін тұрақтандыру, бизнес ортаны одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды тарту және жақсарту, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне негізсіз және артық араласуын жою мақсатында қабылданды.

"Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Республикасының заңнамасын бұзудың нақты фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылатын тексерулерді қоспағанда, құқық қорғау органдары және бизнес субъектілеріне тексерулер жүргізуге құқығы бар басқа да уәкілетті органдар жүргізетін кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий енгізіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Министрлер Кабинетіне үш ай мерзімде құқық қорғау, салық және басқа да уәкілетті органдар жүргізетін кәсіпкерлік субъектілерін прокуратура органдарында тіркелгеннен кейін ғана тексеру қағидаларын реттейтін Қырғызстан Заңының жобасын әзірлеп, Жогорку Кенешке енгізу тапсырылды.

Айта кетейік, Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасына кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге құқығы бар құқық қорғау, салық және басқа да уәкілетті органдар жүргізетін тексерулердің заңдылығы мен негізділігіне қадағалауды күшейту тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу