Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды

209

Ол қылмыстық қаржыландыру ісіне араласқан. 

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды Фото: instagram.com/gknb.official

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғызстанның МҰҚК-не сілтеме жасап.

Қамшыбек Асанбектің ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дерегі бойынша қазақстандық кәсіпкер, "Симирам" демалыс орталығының иесі Ясынжан Таиров іздестіріліп жатыр.

Деректерге сүйенсек, Таиров Көлбаевтың қылмыстық әрекеті туралы біліп, онымен бірлескен бизнес жобаларды жүргізу үшін байланыс орнатқан. Кәсіпкер 200 мың доллар берген. Демалыс орталығының иесі ҰҚТ мүшелеріне коттедждер мен бөлмелер беріп отырған.

"Таировқа қатысты жиналған материалдар негізінде Бішкектің Октябрь аудандық сотының қаулысымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай таңдалды, сондай-ақ, жауапқа тарту үшін мемлекетаралық және Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу