Қырғызстанда қираған ұшақ тұрғын үйге құлаған болуы мүмкін – куәгерлер

953

Қырғызстанда қираған ұшақ тұрғын үйге құлаған болуы мүмкін  – куәгерлер

"Манас" әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құлаған "Боинг-747" ұшағы Гонконгтен Бішкек арқылы Стамбұлға бет алған.

Бішкек арқылы Гонконгтен Стамбұлға бара жатқан "Боинг-747" жүк таситын ұшағы  сағат 7:00-де (мәскеу уақытыменн 4:00) "Манас" әуежайына жақын маңға құлады, деп хабарлады "Интерфакске" Манас" әуежайының баспасөз қызметі. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ эпипажы төрт адамнан құралған, оның екеуінің тағдыры белгісіз.
Ұшақ  саяжайлар  ауданына құлаған. Куәгерлердің  айтуынша, ұшақ құлаған жер өртке ораныпты,  ұшақ тұрғын үйге құлаған болуы мүмкін.
Ұшақ құлаған жерде Қырғызстанның бірінші вице-премьері  Мұхаметқали Абылғазиев, ТЖМ мен көлік министрлігінің басшылары, "жедел жәрдем" бригадалары  мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. "Манас" әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Бұған дейін Қырғызстанның ТЖМ-дегі дереккөз "Интерфакске" Гонконг-Бішкек бағытымен ұшып келе жатқан  жүк таситын ұшақ  "Манас" әуежайына жақын маңға құлағанын хабарлаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ол түріктің  Turkish Airlines әуе компаниясына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу