Қырғызстанда Қорғаныс министрінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

133

Тергеуді Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚКК) жүргізеді. 

Қырғызстанда Қорғаныс министрінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: mil.gov.kg

Қырғызстанда Қорғаныс министрінің орынбасары Эмиль Осмоновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоғары дәрежелі әскери қызметкер сыбайлас жемқорлыққа барды деген күдікке ілінген.

"Осмонов елден шықпау туралы тілхатпен үйіне жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, арнайы қызмет әскери шенеуніктің кабинетін және оның қызметтік көлігіне сүргі соғылды", — деп агенттік дереккөздің сөзін келтіреді.

Сонымен қатар, аталған іс бойынша "Қырғыз құрал" мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері мен Қорғаныс министрлігінің сатып алу бөлімінің бастығы ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу