Қырғызстанда коронавирус ауруы мен пневмонияны қосып есептемек

584

Елдегі науқастардың саны 13 мыңнан асты.

Қырғызстанда коронавирус ауруы мен пневмонияны қосып есептемек

Қырғызстан да коронавирус пен пневмония бойынша статистиканы біріктірмек. Бұл туралы ел премьерінің орынбасары Аида Исмаилова мәлім етті.

Оның айтуынша, елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы мен оның асқынуын емдеу бойынша үшінші клиникалық нұсқаулық бекіткен. Енді бұлар стационарлық және амбулаторлық көмек барысында қолданылмақ.

"Егер ауру зертханалық жолмен анықталса, оған U-07.1 деген код беріледі. Тест дерттің бар екенін көрсетпей, бірақ аурудың белгілері болса, тіпті рентген де өкпенің қабынуын көрсетсе, код U-07.2 болып бекітіледі.Коронавирус инфекциясының белгілерін емдеу мақсатында бірыңғай әдіс қолдану үшін денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы жарияланды. Құжат бойынша пневмония екінші кодқа жатқызылады. Осылайша пневмония Covid-19 дертінің салдары болып есептеледі", – деді Исмаилова.

24.kg басылымының мәліметіне сүйенсек, Қырғызстанда вирус жұқтырғандардың саны 13101-ге жеткен. Оның 3821 жазылып, 173-і қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат
Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу