Қырғызстанда көрші елдерге су сату мәселесі тағы талқыланды

650

Депутат Үмбетәлі Қыдыралиев Қырғызстан су қоймаларындағы судың 80 пайызы Қазақстан мен Өзбекстанға кететінін айтты.  

Қырғызстанда көрші елдерге су сату мәселесі тағы талқыланды Фото: canva

Бішкекте Жоғары Кеңестің аграрлық саясат, су ресурстары, жер қойнауын пайдалану, экология және қоршаған ортаны қорғау комитетінің отырысында Қырғызстанның көрші елдерге беретін суына ақы алу мәселесі көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Kaktus медиа порталына сілтеме жасап.

Депутат Қыдыралиев Қырғызстан су қоймаларындағы судың шамамен 80 пайызы Қазақстан мен Өзбекстанға кететінін айтып, осы табиғи ресурстар үшін ел экономикалық пайда көре ме? деген сұрақты алға тартты.

Оның айтуынша, гидротехникалық нысандарды күтіп ұстау, жөндеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкен шығын.

Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары, су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев Қазақстан мен Өзбекстан Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысына қатысып жатқанын және олардың су ресурстарына мүдделі екенін айтты.

Сондай-ақ ол Кемпир-Абад су қоймасы Өзбекстанмен 50/50 қағидасы бойынша басқарылатынын, ал Киров және Орто-Токой су қоймалары Қырғызстан балансында екенін түсіндірді.

Министрдің айтуынша, су бөлу көлемін жыл сайын мемлекетаралық комиссия шешеді. Сонымен қатар бұл мәселе бойынша нақты экономикалық келісімдер жабық ақпарат санатына жатқызылған.

Торобаевтың сөзінше, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көрші елдерден гидронысандарды жөндеуге ақша талап етпеу жөнінде тапсырма берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу