Қырғызстанның әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың шекарадан заңсыз өту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg. порталына сілтеме жасап.
Алматы облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткен.
"Ары қарай Серік Күдебаев "Манас" әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен.Әскери прокуратура заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір бұл іс бойынша төрт адам күдікке ілінді. Олар Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалды, олардың бірі әскери қызметкер болса, қалғандары – бейбіт тұрғындар", – делінген 24.kg таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу