Қырғызстанда құлаған Boeing 747 ұшағының Boeing 747 әуекомпаниясына қатысы жоқ. Бұл туралы Түркияның Ресейдегі елшілігінің баспасөз істері бойынша кеңесшісі Орхан Газигиль мәлімдеді, деп хабарлайды 24Хабар.
"Бізге келген ақпарат бойынша Бішкектің жанында құлаған жүк ұшағының Turkish Airlines-ке еш қатысы жоқ. Ұшақ жекеменшік түрік компанияларының біріне тиесілі", - деді ол. Бұдан бұрын құлаған лайнердің Turkish Airlines-ке тиесілі екендігін хабарлаған болатынбыз. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Гонконг-Ыстамбұл бағытындағы Boeing 747 жүк ұшағы Манас әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ саяжайлар аумағына құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша 37 адам ажал құшты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу