Қырғызстанда қызылша дерті өршіп тұр

486

Бішкекте ауруханаға күн сайын 4-5 бала түседі

Қырғызстанда қызылша дерті өршіп тұр Фото: Ашық дереккөзден

Науқастардың 80 пайызы – вакцина салдырмағандар. Аурудың өршуіне де осы жайт себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Биыл алғашқы жарты жылда 10 мыңнан аса баланың ата-анасы екпеден бас тартқан. Кейбіреулер діни наным-сенім бойынша келіспесе, басқалары препараттардың тиімділігіне сенбейді. Енді біреулері балаларының денсаулығына кері әсер ете ме деп алаңдайды. Бұл аздай коронавирус та жағдайды ушықтырып жіберді. Өйткені пандемия кезінде жоспарлы вакцинадан қалып қойғандар көп болды.

Дәрігерлер мұның бәрі ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне әкеп соқтыратынын айтады. Негізі жыл басынан бері көрші елде қызылшаны жұқтырудың 1700-ден аса дерегі тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу