Қырғызстанда қызылша жұқтырғандар саны өсті

458

Қырғызстанда 2,3 мыңнан астам адам қызылша дертіне шалдыққан.  

Қырғызстанда қызылша жұқтырғандар саны өсті Фото: img6.eadaily.com

Науқастар саны күн санап өсіп жатыр. Бұл туралы 24.kg Республика Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Қырғызстанда қызылшаның 2 316 жағдайы анықталған. Ең көп ауырғандар Бішкекте — 660, Ош облысында — 654, Ош қаласында — 302 және Шу облысында — 277 тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аурудың тез таралуының негізгі себебі — балалар мен ересектерді қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы иммундаумен қамту деңгейінің төмендеуі. 

"Қызылша вирусының айналымын тоқтату, вирус ошағын оқшаулау және оның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі 18 қыркүйекте басталған және вирустың ең белсенді айналымы жүріп жатқан республика аумағында 29 қыркүйекке дейін жалғасатын қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау науқанын жүргізеді. Бұл Бішкек, Ош, Ош және Шу облыстарында егу мәртебесіне немесе бұрын қызылша мен қызамық ауруымен ауырғанына қарамастан, тоғыз айдан жеті жасқа дейінгі балалардың барлығына екпе егіледі", — делінген ведомство хабарламасында.

18-26 қыркүйек аралығында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау бойынша балаларды қамту 55% құрауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу