Қырғызстанда қызылшадан 3 бала көз жұмды

319

Қызылша дерті қазір әлемнің 167 елінде ушығып тұр. 

Қырғызстанда қызылшадан 3 бала көз жұмды Фото: Inbusiness.kz

Көршілерімізде де жағдай мәз емес. Тіпті, Қырғызстанда жұқпалы дерттен 3 бала көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұл елде жыл басталғалы 4 500 адам аталған індетпен ауырған. Қазір вирус әсіресе Бішкек, Жалал-Абад пен Шу облыстарында өршіп тұр. Іргедегі Өзбекстанның да  Наманган аймағы инфекция ошағына айналған. Қазір ауруханада 285 бала  ем алып жатыр. Оның 70 пайызы бір жасқа толмаған сәби.

"Ауруханамыз 240 орынды, қазір 98% толды. Қосымша орындар дайындап жатырмыз. "Бешкапа" балалар ауруханасында 80 төсек орын бос. Жеткіншектер арасында өткір респираторлық вирус та жылдам таралып жатыр. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", - дейді Наманган облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Илхом Тоджибоев.

Өзбекстанның бір облысы індет ошағына айналды. Бұл облыста өткен он айда 735 адам қызылша жұқтырған. Дәрігерлер ата аналарды балаға дер кезінде екпе салдыруға шақырып отыр. Ай басында елге үш млн доза қызылшаға қарсы вакцина сатып алыныпты. Ал өзге өңірлерде әзірге жағдай тұрақты. Сондай-ақ, дәрігерлер жасы ұлғайған кісілер мен сәбилерді қоғамдық орындарға бармауға шақырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу