Қырғызстанда жер сілкінді

171

Жерасты дүмпуінің ошағы елдің оңтүстігіне қарай Куршаб ауылында орналасқан. 

Қырғызстанда жер сілкінді Фото: УНИАН

Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша cағат 11:27-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғыз Республикасы ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, эпицентрдегі жер сілкінісінің күші 12 балдық MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл, магнитудасы Mpv=3,3, энергетикалық класы К=8,0 болды.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Куршаб ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км, Мырза-Арық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км, Өзген қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км, Жалал-Абад қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 31 км, Ош қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км жерде орналасқан.

Куршаб ауылында жер сілкінісінің күші шамамен 2,5 балл болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу