Қырғызстанда мектептер 12 жылдыққа көшеді

203

Жаңа оқу жылынан бастап Қырғызстанда мектептер 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді.  

Қырғызстанда мектептер 12 жылдыққа көшеді Фото: Tez Kabar News

Тиісті қаулыны жергілікті үкімет қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ферғанаға" сілтеме жасап.

Жаңа ереже бойынша бастауыш 1-6-сыныптарды, негізгі орта білім 7-9, ал орта білім 10-12-сыныптарды қамтиды. Тағы бір өзгеріс – оқушыларды бағалаудың жаңартылған тәсілі. Білім алушыларға 4-сыныптан бастап қана баға қойылады. Ал 12-сыныпты аяқтағаннан кейін қорытынды тестілеу тапсырады.

Жоғары нәтижеге қол жеткізген түлек бейінді жоғары оқу орнына түсе алады. Бұл бастама аймақта жаңа оқу жоспары мен пәндік стандарттарды әзірлеп қана қоймай, білім беру жүйесін толық реформалауды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу