Қырғызстанда мобилизациялау туралы заңға өзгерістер енгізілді

409

Ел президенті қорғаныс саласына өзгерістер енгізу туралызаң жобасына қол қойды.

Қырғызстанда мобилизациялау туралы заңға өзгерістер енгізілді Фото: kaktus.media

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Қырғыз Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қырғыз Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz kaktus.media басылымына сілтеме жасап.

Заң жобасы негізінде "Қырғыз Республикасындағы мобилизациялау дайындығы және мобилизациялау туралы" заңға өзгерістер енгізілді, соған сәйкес мобилизациялау органдары туралы ережені президент бекітеді,

"Қырғыз Республикасы азаматтарының жалпыға бірдей әскери міндеті туралы, әскери және баламалы қызмет туралы" заңның әскери қызметшілерге әскери қызметте болу шекті жасын ұлғайту бөлігінде де түзетулер енгізілді.

Сондай-ақ, 30 жасқа толмаған (бірінші санаттағы запастағы және жоғары білімі бар) әскери қызметке міндетті тұлғалардың запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша мобилизациялық резервіне даярлаудан өту шегі ұлғайтылды. Заң денсаулығына байланысты шектеу дәрежесі бар адамдарды баламалы қызметке шақыруды көздейтін нормамен толықтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу