Қырғызстанда мұғалімдердің ұлттық резерві порталы ашылады

186

Бүгінгі таңда пилоттық жүйеде 150 мұғалім тіркелген. 

Қырғызстанда мұғалімдердің ұлттық резерві порталы ашылады Фото: president.kg

Қырғызстанда мұғалімдердің ұлттық резервін қалыптастыру порталы іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап.

"Адамдардың көбі LinkedIn порталы туралы біледі, мұнда өз түйіндемеңізді жүктеп, бос жұмыс орындарына өтініш беруге болады.  Бұл жүйенің жұмысы осыған ұқсас. Мұғалім өзінің портфолиосын толтыруы керек, оның ішінде суреті, оқу және жұмыс орындары, тренингтер мен семинарлар туралы мәліметтер бар. Мектептердегі бос жұмыс орындары атты қосымша модуль әзірленді. Оның жұмыс іздеп жүргендерге көмегі болады", - деді Қырғызстан Білім және ғылым министрінің цифрлық даму жөніндегі орынбасары Лира Самықбаева.

Сөзінше, енді мектептерде жарияланған бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларға  кімнің түйіндеме жібергені көрініп тұрады. Бұл жұмысқа орналасу кезіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, дейді ол.

Бұдан бөлек түйіндеме бойынша педагогтердің іріктелген тізімі автоматты түрде жасалмақ.

Осы жылдың аяғына дейін мұғалімдер ұлттық резерв жүйесінде пилоттық режимде тіркелуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу