Қырғызстанда мұнай базасындағы жарылыстан төрт адам зардап шекті

391

Олар әртүрлі дәрежедегі күйік алды

Қырғызстанда мұнай базасындағы жарылыстан төрт адам зардап шекті Фото: Ашық дереккөзден

Қырғызстанның Шу облысының Шопоков қаласындағы мұнай базасында өрттің салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

 

"2023 жылдың 20 маусымында Соқұлық ауданының Шопоков қаласында мұнай базасында мұнай өнімдері бар бір цистерна жарылып, салдарынан төрт адам зардап шекті", — деді баспасөз қызметінің өкілі.

Зардап шеккендердің барлығы әртүрлі дәрежедегі күйік алды, олар Соқұлақ ауданының жалпы дәрігерлік практика орталығына жеткізілді.

Бішкектен батысқа қарай 20 км жерде орналасқан Шопоков қаласындағы мұнай базасындағы өрт бүгін басталды. Тілсіз жаумен арнайы пойыз бен өрт сөндірушілердің 8 бөлімі арпаласып жатыр.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу