Қырғызстанның Солтүстік Сох және Чонгара-Гальча кен орындарында мұнай өндіру басталды. Бұл туралы Қырғызстанның Республика Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін Баткен облысының Қадамжай ауданында қуаттылығы тәулігіне 500 тонна мұнай өңдеу зауытының құрылысы аяқталғаны туралы хабарланған.
Қырғыз мұнайын өндіру және өңдеу басталысымен 350-400 жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестицияның жалпы көлемі 90 миллион долларды құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу