Қырғызстанда Нарын өзені тасып, ІІІ деңгейлі ТЖ жарияланды

504

200 үйге қауіп төніп тұр. 

Қырғызстанда Нарын өзені тасып, ІІІ деңгейлі ТЖ жарияланды Фото: Kaktus.media

Жалал-Абад облысының Тоғызтау ауданында III дәрежелі Төтенше жағдай режимі енгізілді, деп жазады inbusiness.kz Kabar ақпарат көзіне сілтеме жасап.

ТЖМ хабарлағандай, Нарын өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны 200 үйге, 16 гектар ауылшаруашылық жерлеріне және әуежайдың ұшу-қону жолағына қауіп төндіруі әбден мүмкін.

Осыған байланысты аудандық азаматтық қорғау комиссиясының дабылы жарияланды, облыстық Азаматтық қорғаныс басшысы А. Сырғабаев пен ТЖМ басқарма басшысы А. Закировтың төрағалығымен өткен штаб отырысында III дәрежелі ТЖ режимін енгізу туралы шешім қабылданды.

Жергілікті жерде өзен арнасын түзету жұмыстары жүргізілуде, жұмысқа арнайы техника тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу