Қырғызстанда облыстар мен аудандар жойылып, округтер құрылады

105

Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров мәлімдеді.  

Қырғызстанда облыстар мен аудандар жойылып, округтер құрылады Фото: eltr.kg

Қырғызстанда әкімшілік-аумақтық реформа аясында облыстар мен аудандар жойылып, олардың орнына 20 округ құру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда республикада 44 аудан және 33 қала бар. "Облыстар мен аудандар жойылады, олардың орнына 20 округ қалады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл 20 облыс сияқты болады. Бірақ бұл өзгерістерге әлі 3–4 жыл бар", – деді ол Ноокат ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.

Президенттің сөзінше, алдымен басқару жүйесінің тиімділігін тексеру үшін 2–3 жылдық пилоттық жоба ретінде бір округ құрылады. Негізгі мақсат – оның республикалық дотациядан шыға алу мүмкіндігін анықтау. Егер жоба сәтті жүзеге асса, ел толықтай округтерге бөлінеді.

Садыр Жапаров реформалар нәтижесінде соңғы екі жыл ішінде ауылдық аймақтар саны 452-ден 231-ге дейін қысқарғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу