Комитет мәліметінше, жедел-тергеу шаралары барысында жеке үй аумағында 270 метрлік жерасты өткелі табылған.
"Оның тереңдігі – 15 метр. Туннельге кіру – 1,8 метр, ені – 1,5 метр. Кіреберістен шекара сызығына дейін 40 метр", – деп жазылған хабарламада.
Бүгінде туннель анықталған учаскенің иесіне қатысты тергеу жүргізу жоспарланып отыр.
"Жердің иесі Жалал-Абад облысы Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында болуына байланысты оның ақыл-есінің кемдігіне қайта зерттеу жүргізіледі", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу