Қырғызстанда парламент сайлауы басталды

881

Республика парламентіне депутаттарды сайлау туралы заңда келушілер шегі қарастырылмаған, сайлау сайлаушылардың кез-келген белсенділігіне қарап қткен болып саналады.        

Қырғызстанда парламент сайлауы басталды

Қырғызстанда сайлау учаскелері дауыс беруге ашылды, парламенттік сайлауға 16 саяси партия қатысуда, деп хабарлайды "Интерфакс".

Қырғызстан аумағындағы сайлау учаскелері сағат 08.00-де ашылды, сағат 20.00-де жабылады. 2 мың 475 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Оның 45-і шетелде. 

Қырғызстан парламентіне сайлау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жағдайын сақтай отырып өткізілуде, сайлау учаскелерінде  жанаспайтын температураны бақылау және әлеуметтік арақашықтық сақтау ұйымдастырылды, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлаушылар жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген.

Қырғызстан ОСК мәліметтері бойынша, жалпы 3,5 млн сайлаушы, шетелде - 32,5 мың сайлаушы тіркелген. Сайлау автоматтандырылған дауыс беру жүйесін қолдана отырып өткізіледі, Қырғызстандағы барлық сайлау учаскесі бір серверге қосылған, деректерді шынайы түрде көрсететін автоматты түрде оқылатын жәшіктермен жабдықталған.

Сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің 11,5 мыңнан астам қызметкері қамтамасыз етеді, министрліктің жеке құрамы 2-6 қазан аралығында күшейтілген жұмысқа көшті.

Автоматтандырылған жүйе негізінде дауыс берудің алдын ала нәтижелерін шығарғаннан кейін, сайлау комиссияларының мүшелері бюллетеньдерді қолмен санап, соңғы нәтижені жариялайды.

Қырғызстан парламенті бес жылда бір сайланатын 120 депутаттан тұрады. Сайлау пропорционалды жүйе негізінде өтеді. Қырғызстан конституциясына сәйкес, сайлауда жеңген саяси партия, жинаған дауыстарға қарамастан, ең көп 65 депутаттық мандатқа ие бола алады.       

Республика парламентіне депутаттарды сайлау туралы заңға сәйкес, мандаттарды бөлуге дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7 немесе одан көп пайызын  және елдің жеті облысының әрқайсысында Бішкек пен Ош қалаларында кем дегенде 0,7% алған партиялар ғана қатыса алады. Заңда келушілер шегі қарастырылмаған, сайлау сайлаушылардың кез-келген белсенділігіне қарап қткен болып саналады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу