Қырғызстанда парламент сайлауы 28 қарашада өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қырғыз басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қырғызстан президенті Садыр Жапаров парламент депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Президенттің Жарлығы бойынша 28 қараша депутаттарды сайлау күні болып белгіленді", - деп жазылған хабарламада.
11 сәуірде референдумда қабылданған Қырғызстан Конституциясына сәйкес парламент 90 депутаттан тұрады және олар 5 жыл мерзімге сайланады.
Фото: today.kg
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу