Қырғызстанда парламенттік сайлау 20 желтоқсанда өтуі мүмкін

886

Орталық сайлау комиссиясы оның нақты мерзіміне қатысты талқылаулар жүргізіп жатыр.

Қырғызстанда парламенттік сайлау 20 желтоқсанда өтуі мүмкін

Қырғызстан билігі парламенттік сайлауды 20 желтоқсанға белгілеуді көздеп отыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова мәлім етті.

Оның айтуынша, сайлау алдағы екі айда ұйымдастырылуы тиіс және оның мерзімі 4 қазанда өткен саяси доданың қорытындысы заңсыз деп танылғаннан кейін бір ай ішінде белгіленуі керек. 

Еске сала кетсек, 6 қазанда Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлау қорытындысының күшін жоюға мәжбүр болған еді. Мұндай шешімді қабылдауға Бішкектегі жаппай ереуілдер мен тәртіпсіздіктер себеп болды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: kenesh.kg

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу