Қырғызстанда парламенттік сайлау қайтадан өткізіледі

574

Оның мерзімі екі аптаның ішінде жарияланады.  

Қырғызстанда парламенттік сайлау қайтадан өткізіледі

Қырғызстандағы ереуілшілердің талабы орындалды. Парламенттік сайлау қайтадан ұйымдастырылатын болды. Оның қашан өтетіні алдағы екі аптаның ішінде жарияланбақ. Бұл туралы Ria.ru басылымы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етті.

24.kg басылымының хабарлауынша, 7 қазанда ел парламенті, яғни Жоғорку Кеңеш премьер-министрдің қызметін уақытша атқаратын шенеунікті, жаңа спикерді тағайындауға кіріседі.

Ескере кететін жайт, қазіргі таңда Жоғорку Кеңеш – елдегі жалғыз заңды орган. Тек осы органның мүшелері ғана Қырғызстанның заңға бағынуын қамтамасыз етуге қауқарлы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу