Қырғызстанда парламенттік сайлаудың қорытындысы жойылды

727

Орталық сайлау комиссиясы осындай шешімге келді. 

Қырғызстанда парламенттік сайлаудың қорытындысы жойылды

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы жақында өткен парламенттік сайлаудың қорытындысы заңды күшке ие емес деп таныды. Бұл туралы комиссия мүшесі Гүлнәр Джурабаева мәлім етті.

"Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жою туралы шешімге келді", – деп жазды Facebook-тағы парақшасында.

Сайлау 4 қазанда өткен болатын. Парламенттің жаңа құрамындағы 120 орынға 16 партия таласты. Алдын ала дерек бойынша, парламентке "Бірімдік", "Мекенім Қырғызстан", "Қырғызстан", "Бүтін Қырғызстан" партиялары кірді. 

Жеңіліс тауып, парламентке енбей қалған партиялардың жақтастары ереуілге шығып, қайтадан сайлау өткізуді талап еткен еді. Құқық қорғаушылармен арадағы қақтығыс кезінде жүздеген адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу