Марлен Маматалиевтің кандидатурасын парламенттегі "Ала-Тоо" және "Элдик" депутаттық топтары ұсынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша:
- 83 депутаттың 77-сі қолдады,
- 5 депутат қарсы дауыс берді.
12 ақпанда парламент отырысында бұрынғы тораға Нурланбек Тургунбек уулу өз еркімен қызметінен кеткенін жариялаған еді.
Бұған дейін Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылық құрамында ауқымды өзгерістер болғаны хабарланған.
Сондай-ақ:
- Президент жанынан Мемлекеттік күзет қызметі құрылды;
- Шекара қызметі ГКНБ құрамынан шығарылып, дербес құрылым – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі болып қайта ұйымдастырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу