Қырғызстанда педофилия үшін өлім жазасын енгізу ұсынылады

587

Жаңа өзгерісті 61 депутат ресми түрде қолдады. 

Қырғызстанда педофилия үшін өлім жазасын енгізу ұсынылады

Қырғызстан депутаттары балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін өлім жазасын енгізуді көздейтін ел Конституциясына түзетулер туралы заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz "Медиазона. Орталық Азия". Оның мәтінімен Республиканың Жогорку Кенешінің ресми сайтында танысуға болады. 

Депутаттар ең жоғары жаза түрін енгізу үшін Конституциясының 25-бабын мынадай сөйлеммен толықтырмақшы: "Өлім жазасы бір ғана жағдайда – 18 жасқа толмаған балаларға қарсы зорлық-зомбылық көрсетілсе заңмен белгіленуі мүмкін".

Қырғызстанда балаларға қарсы, оның ішінде зорлауға байланысты қылмыстардың өсуі байқалады. Парламентшілердің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бастап республикада кәмелетке толмағандарды зорлау туралы 35 іс, балалар мен жасөспірімдерге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы 25 іс тіркелген.

Сонымен қатар депутаттар ресми деректер мәселенің шынайы бейнесін көрсетпейді, өйткені ата-аналар мұндай фактілерді жасырады, істі сотқа жеткізбеу үшін күдіктілерден өтемақы алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу