Қырғыздар президент таңдап жатыр

865

Қырғыздар президент таңдап жатыр

Бүгін таңертең сағат 8-де Қырғызстанда президент сайлауы басталды, сайлау учаскелері жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің мемлекеттік тіркеу қызметінің мәліметінше, Қырғызстан президенті сайлауына 3 миллион 25 мың 768 дауыс беруші қатыса алады.

Айта кетерлігі, бюллетеньдерде 13 үміткер көрсетілген, алайда Бақыт Торобаев пен Камчыбек Ташиев сайлауға қатысуға бас тартқандығына байланысты олардың деректері өшірілген және оларға дауыс берілмейді. Бұл елдегі мемлекет басшысын таңдау үшін өткізілген жетінші сайлау.  Сайлау учаскелері бүгін сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу