Қырғызстандағы кезекті президент сайлауы 2027 жылдың 24 қаңтарында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg-ге сілтеме жасап.
Тиісті ақпаратты конституциялық заңнама жөніндегі парламенттік комитет отырысында белгілі болды.
Комитет "Қырғыз Республикасының Президентін және Жогорку Кеңеш депутаттарын сайлау туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын үш оқылымда мақұлдады. Заң жобасына Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бастамашылық жасаған.
Түзетулерге сәйкес, президенттің өкілеттік мерзімі аяқталатын жылы қаңтар айының төртінші жексенбісінде кезекті сайлау өтеді. Жогорку Кеңеш сайлау күнін дауыс беру күніне дейін кемінде төрт ай бұрын белгілейді.
Айта кететіні, Садыр Жапаров 2021 жылғы 28 қаңтардан бері ел тізгінінде отыр. Ол алты жыл мерзімге сайланған.