Қырғызстанда президент сайлауы өтеді

856

Қырғызстанда президент сайлауы өтеді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "Президент және Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы" заңға қол қойды, blognews.kz.

Құжатқа сәйкес, заң "қатаң тізім" бағытында үлкен қадам жасап жатыр. Үміткер депутаттық мандат өкілеттігін тоқтату туралы, Жогорку Кенештің (Парламент) депутаттығына үміткерлер тізімінен шығу туралы жазбаша өтінішті жеке ұсынуы қарастырылады.

Заңда жасы 35-ке жетпеген 5 үміткерден кем емес және алғашқы 50 үміткердің тізімінде түрлі этникалық топтарға жататын 5 үміткердің болуы "міндетті" екендігі көрсетілген (соңғы редакциясында: бірінші 65 үміткердің тізімі).

Сондай-ақ, бұрынғы заңда көрсетілген әйелдерге арналған квота, яғни әйел-депутат өзінің мандатынан бас тартса, оның орнына әйел-депутаттың орнын баса тұруы немесе керісінше, ер-депутат мандатынан бас тартса, тиісінше ер-депутаттың орнын баса тұруы өзгеріссіз қалдырылған.

Сондай-ақ, президенттікке үміткерлер үшін сайлау кепілінің мөлшері 100 мың сомнан 1 миллион сомға дейін ұлғайтылған. Құжатта парламенттік сайлауға қатысатын саяси партиялардың сайлау шегі 7-ден 9 пайызға өскен. Бұл норма партиялардың бірігуі мен нығаюы үшін енгізілді және ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.

Президент сайлауы 2017 жылдың 15 қазанына белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу