Қырғызстанда ресейліктерге 300 мың рубльге азаматтық беріліп жатыр

451

Қырғызстан азаматы болуға ниет білдірген ресейліктерге 300 мың рубльге құжаттарды рәсімдеу ұсынылады. 

Қырғызстанда ресейліктерге 300 мың рубльге азаматтық беріліп жатыр Фото: kabar.kg

Бұл туралы ҚР Парламентінің отырысында депутат Дастан Бекешев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Халық қалаулысының айтуынша, қысқа мерзімде қырғыз азаматтығын рәсімдеу бойынша жарнама жүріп жатыр.

"Біз этникалық қырғыздарға төлқұжаттарды жеңілдетіп беруіміз керек. Алдымен біз оларға "қайрылман" мәртебесін береміз және белгілі бір уақыттан кейін ғана олар азаматтыққа өтініш бере алады. Сол арқылы біз өзіміздің қырғыздар үшін қаншама қиындықтар тудырып отырмыз, ал шетелдіктерге оп-оңай рәсімдейміз. Қазір ресейліктер Қырғызстанның төлқұжатын 6-7 ай ішінде 300 мың рубльге ала алады деген жарнамалар қаптап кетті. Сыбайлас жемқорлық арқылы ма, не басқа жолдармен,  білмеймін, бірақ мұндай хабарландыру бары өтірік емес", — деді депутат.

Агенттік хабарлағандай, Республика Парламенті екінші оқылымда "Қырғыз Республикасына қоныс аударған этникалық қырғыздарға мемлекеттік кепілдіктер туралы" заң жобасын қарастыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу