Қырғызстанда Еуразиялық одақ талаптарына сай келмейтін тауар өндірген кәсіпорынға 100 мың сом көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Тіпті жаңа жүйеге көшіп үлгермеген кәсіпкерлер де жазаға тартылады. Себебі, бизнесмендерге қатаң ереженің енетіні туралы осыдан 2 жыл бұрын ескертілген болатын. Қырғызстанда шығарылатын тауарлардың барлығы Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сай болуы тиіс. Бұл қадам арқылы өндірушілер ортақ нарыққа шыға алады. Осыған байланысты Премьер-Министрдің орынбасары Олег Панктратов кәсіпорындардың ортақ стандартқа көшуін баса айтты. Егер тауарлар талапқа сай келмесе кешірім болмайтыны айтылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу